Сәулеттік жобалау - Сәулеттік жобалауды әзірлеу

Сәулеттік жобалау  

Сәулеттік жобалау

Сәулеттік жобалау — бұл жұмыс жобаларын әзірлеу, әртүрлі мақсаттарға арналған ғимараттардың эскиздік жобалаулары және реконструкциялауға немесе жаңа құрылысқа арналған жобалық құжаттама. Жұмыс жобасы қала сыртындағы үйлер, коттедждер үшін құрылуы мүмкін. Дамудың қазіргі кезеңінде сәулеттік жобалаудың негізгі міндеті - болашақ құрылымға заманауи келбет беру және жақсы жоспарланған инженерлік шешім. Болашақ құрылым, сәулеттік жобалау есесбінен ұзақ жылдар бойы пайдалануға мүмкіндік беретін, жақсы ойластырылған инженерлік инфрақұрылымды алады.

Сәулеттік жобалауды әзірлеу

Бірінші қадам – эскиздік жобаны орындау. Бұл суреттеу болашақ үйдің немесе ғимараттың, Сіз елестеткендей, сыртқы және толық көрінісі. Бұл кезеңде біз үшін эргономикалық және көркем мәнерлі кеңістік құру маңызды. Тапсырыс берушінің толтырған сауалнамасының негізінде жобалалуға және эскиздік жобалауға арналған техникалық тапсырма келесі құрамда жасалады:

  • Жалпы ақпарат
  • Түсініктеме жазбасы
  • Бас жоспар
  • Әр қабат бойынша жоспарлар
  • Фасадтар
  • Бөлімдер
  • Негізгі түрлерді визуализациялау (болашақ құрылымның аймағына байланысты)
Әрі қарай жұмыстық жобалау құрылыс-әрлеу жұмыстарын одан әрі өткізу үшін қажет. Эскиздік жобалауда салынған шешімдерге сүйене отырып, Сәулет бюросы болашақ үйдің немесе ғимараттың барлық инженерлік жүйелерімен - жылумен, сумен, желдетумен жабдықталуын және т.б. «қоспасын» әзірлейді және келесі құжаттама шығарылады:
  • Сәулеттік шешім
  • Сызбалар жиынтығының ведомосі
  • Бас жоспар
  • Әр қабат бойынша және қалау жоспарлары
  • Шатыр жоспары Фасадтар және Қималар
  • Есік және терезе блоктары
  • Желдеткіш құбырларымен қабырғаларды қашау
  • Сәулеттік элементтер
  • Конструктивті шешімдер: іргетастар, жабу плиталары, верандалар, террасалар, бөгеттер, төбе шатырлары және т.б.
Кез-келген күрделі құрылыстың кепілі - жақсы ойластырылған сәулеттік жоба. Жобалау қызметін тексерілген мамандарға тапсырыңыз, құрылыс жобасының ең маңызды кезеңдеріңде үнемдеудің қажеті жоқ. Жоспарлау, жарықтандыру, төбенің биіктігі, байланыс ыңғайлылығы, климаттық жағдайларға сәйкестігі. Мұның бәрін құрылысты бастағанға дейін ескеру маңызды, әйтпесе, болашақта қайғылы салдары болуы мүмкін.

Saf.kz сайтынан материалдарды көшіруге тыйым салынады, мазмұнға деген барлық құқықтар ТОО «Trust Partners» компаниясына тиесілі.