Темірбетон өнімдері - Қазақстанда

Темірбетон өнімдері зауытта бетонды металл арматурасы бар қалыпқа құйу арқылы өндіріледі, кейіннен бетон қатаяды. Темірбетон бұйымдары негізінен құрылыста жоғары беріктігі бар темірбетон конструкцияларын құрастыру үшін, жоғары қысымды жүктемелерге төтеп беру үшін қолданылады. Бұл технологияның темірбетонды құрылымды толықтай құрылыс алаңында өндіру технологиясымен салыстырғандағы артықшылығы, сапа бақылауын жеңілдетуі болып табылады, себебі өнімді цехта, төменгі биіктікте сынауға болады. Темірбетон өнімдерінің номенклатурасы әртүрлі. Бұл - іргетас қабырға, төбе жабындылары және бөрене бөлшектері.

Темірбетон өнімдері

Темірбетонды өнімдерді қайдан сатып алуға болады?

Біздің порталда ТБӨ өндірушілерінен Қазақстанның кез-келген жеріне жеткізіп беретін, көптеген ұсыныстарды таба аласыз. Темірбетон өнімдерін тек саусақтың ұшын бір-екі рет басып қалып сатып алуыңызға болады. Қажетті өнімдерді таңдаңыз, өзіңізге сәйкес келетін бағаны тауып, ТБӨ жеткізуге тапсырыс беріңіз.

Темірбетон өнімдерінің түрлері:

Үздіксіз көлденең қимасы бар ФБС 24-4-6 блоктары

Түрлі мақсаттағы ғимараттардың іргетас негізін салу үшін қолданылады. Бұл тұрғын үй ғимараты да, және өнеркәсіптік ғимараттар да болуы мүмкін. Блоктардың мұндай түрі саяжай құрылысы үшін іргетас негізін қолмен құю мүмкін болмаған жағдайда пайдаланылады. Осы темірбетон өнімдерінің арнайы пішіндерінің арқасында құрылыс уақыты екі есеге азаяды. Ұзындығы (мм) 2380, биіктігі (мм) 580, ені (мм) 400, салмағы (кг) 1296. Іргетас үшін булауды пайдалана отырып, аязға төзімділігі В-15, циклдары F-75, су өткізбейтіндігі W-4 маркалы бетонды қолдануға рұқсат етіледі.

ФБС қабырға блоктары

Төмен деңгейлі азаматтық, жеке және өнеркәсіптік құрылыста қолданылады. Олардың көмегімен құрастырмалы таспалы іргетастар салынады, жертөле қабатының қабырғаларын және тіреу қабырғаларын тұрғызады, сондай-ақ әртүрлі жабдықтардың іргетасы ретінде пайдаланды. Пайдаланудың негізгі шарты жарма және аса ылғалмен қаныққан топырақтың болмауы. Орнату алдында, көлденең гидрооқшаулағышты орналастыратын жерді құмды-қиыршық тас негізмен жабады. Бұл үшін битумды ерітінділерді, орама материалдарды және түрлі су өткізбейтін қасиеттері бар құралдарды қолданады. Мұндай жүйенің артықшылығы уақыт пен еңбектің едәуір үнемделуіне әкеп соғатын монтаждаудың қарапайымдылығы. Ұзындығы (мм) 2380, биіктігі (мм) 580, ені (мм) 400, салмағы (кг) 1296. Іргетас үшін булауды пайдалана отырып, аязға төзімділігі В-15, циклдары F-75, су өткізбейтіндігі W-4 маркалы бетонды қолдануға рұқсат етіледі.

Темірбетонды тірек С58-1-1 белгісімен

TrustPartners зауыты C58-1-1 белгісімен темірбетонды тіректі дайындайды және Алматы қаласының өндіріс орындарынан Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізу арқылы өте қолайлы бағамен ТБӨ сатып алуды ұсынады. С58-1-1 типті темірбетон өнімдерін өндіру жобалық құжаттамаға сәйкес және барлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Тексеру куәліктері және МЕМСТ сәйкестігі бар. Анық белгіленген логистиканың арқасында темірбетон өнімдері тапсырыс берушінің құрылыс объектісіне уақытында жеткізіледі. Жеткізу темір жолмен немесе жүк көлігімен жүзеге асырылады. Ұзындығы: 5800, Ені: 250, Биіктігі: 180.

Д-30 тақтасы (қардан қорғау құралдарына арналған)

Алдын ала кернеуленген бетоннан автокөлік жолдары мен темір жол төсеміне арналған қардан қорғайтын жинамалы темірбетонды қоршаулар (С-58 тірегі, Д-30 тақтасы). C-58 тірегі туралы қосымша ақпарат: Д-30 тақтасының өлшемдері Ұзындығы: 3100, Ені: 160, Қалыңдығы: 50.

Қардан қорғайтын құралдар

Алдын ала кернеуленген бетоннан автокөлік жолдары мен темір жол төсеміне арналған қардан қорғайтын жинамалы темірбетонды қоршаулар (С-58 тірегі, Д-30 тақтасы). Жинамада жиілігін арттыруға болатын 10 Д-30 тақтасы бар. Қазақстанның барлық өңірлеріңе теміржол арқылы жеткіземіз. Өндірістік база Алматыда.

11 ПО-СЖ қоршау тірегі

Қоршау - металл торды (рабицаны) бекіту үшін әр түрлі биіктікте бекітілген элементтері бар темірбетонды тірек. Өнімдер таңдалған аумаққа жануарлардың еркін кіруін шектеуге арналған, автокөлік жолдарында қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін, ауылдық жерлер мен мал қораларын қоршау үшін пайдаланады.


Saf.kz сайтынан материалдарды көшіруге тыйым салынады, мазмұнға деген барлық құқықтар ТОО «Trust Partners» компаниясына тиесілі.