Терезелерді орнату бойынша жұмыстар

1 800,00 ₸
In stock
SKU
Терезелерді орнату бойынша жұмыстар

Үйдің қабырғасына терезелерді монтаждау және орнату міндетті құрылыс үрдісі. Монтаждау сапасы мен соңғы нәтижесі көптеген шарттарға, алайда 80%-нан артығы орындаушылардың адалдығына, олардың тәжірибесі мен дағдыларына байланысты.

Дәл біздің құрылыс тәжірибеміз терезелерді орнату және монтаждау кезінде үнемдеуге көптеген амалдарды ашады. Біз сападан үнемдемейміз, алайда тапсырыс беруші үшін бағаны айтарлықтай төмендететін нұсқаларды ұсына аламыз.

Мысалы, жобадағы қателік үшін жекелеген өлшем бойынша терезеге тапсырыс бермей, терезе ойығын стандартты өлшемге келтіреміз, себебі құрылыста әмбебап бағытымыз, объектіге шығуға дайын біреше мамандандырылған және әмбебап бригадамыз бар. Әрқашан клиенттерімізге сенімді өндірушіні таңдап алуға немесе бірнеше объектіге жалпы сатып алу шартында жеңілдік туралы келісуге жәрдемдесеміз.

Терезелердің кез-келген түрін монтаждаймыз және орнатамыз: Металлопластиктен, алюминийден, ағаштан. Терезе жәй әйнектен немесе қабатталған әйнектен болуы мүмкін, стандартты емес пішінде немемсе классикалық нұсқада. Біздің компаниядан терезені орнатуды, монтаждауды тапсырыс беруді шешкен иесіне келесіні білген қажет: Егер пластикалық терезелер ішкі әрлеу жұмыстарына дейін орнатылса, онда ағаштан жасалғандарды, мүмкіндігінше үйдің ішіндегі негізгі дымқыл жұмыстарынан кейін істеген жөн, сылау және еден төсеніштерін төсегеннен кейін, бөлменің ылғалдылығы сыни мәнінен асыпаған жағдайда.

Write Your Own Review
Only registered users can write reviews. Please Sign in or create an account
Saf.kz сайтынан материалдарды көшіруге тыйым салынады, мазмұнға деген барлық құқықтар ТОО «Trust Partners» компаниясына тиесілі.