Бетон Алматыда

«Trust Partners» ЖШС көптеген жылдар бойы құрылыс нарығында жұмыс істеп келеді және өз өнімдерінің төмен бағалары мен жоғары сапасының арқасында клиенттердің сеніміне ие болды. Біздің зауыт Алматыдағы ең сапалы бетон өндіреді, және де қалаған адамға біздің өндіріс желісін көрсете алады. Жыл сайын хабарландырылған бетон маркасы сәйкестігі үшін аккредиттеуден өтеді.

Компанияның негізгі бағыты — Алматы және Алматы облысы бойынша бетонды өндіру және сату. Біздің барлық өнімдеріміз сапасы мен стандарттар сәйкестігін растайтын сертификаттарға ие.

Біздің бетон зауытымыздың ерекшелігі - Алматыда бетонды қала орталығынан 450 км радиуста жеткізіп беру арқылы сатып алуды ұсынуымыз. Бетон өнімдерін жедел жеткізу үшін біз заманауи бетон араластырғыштардың автотұрағын ұстаймыз. Әрбір көлік заманауи GPS - навигация жүйесімен жабдықталған, бұл нақты уақытты есептеуге және бетонды белгіленген мерзім ішінде жеткізуге мүмкіндік береді.

Миксермен (бетон араластырғыш) жеткізіп беру төмендегі себептер бойынша ыңғайлы:

  • Қоспаның біртектілігін сақтауы;

  • Қоспаны көздеген жерге апара жатып, дайындау мүмкіндігі;

  • Заттың мерзімінен бұрын қатаюына жол бермеуі;

  • Сіз бетонды тіпті алыс қашықтықта жеткізіп беру арқылы сатып ала аласыз. Мұндай жағдайда өнімге оның беріктігі мен басқа да маңызды сипаттамаларына әсер етпейтін арнайы баяулатқыштар мен пластификаторлар қосылады.

Біз сапаны бақылап отырамыз, біз тек ELBA неміс компаниясының дәлелденген жабдықтарында ғана және бос (ұсақ) материалдардың дәлелденген өнім берушілерімен жұмыс істейміз. Бетон өндірісі — біздің негізгі профиліміз.

Өндірушіден тауарлық бетон сатып алу — бұл дұрыс шешім!

Бетон Алматыда

Алматыдағы зауыттың өнімділігі сағатына 120 текше метр немесе күніне 1600 текше метр. Басымдылық жеткізу аумағы — Алматы және Алматы облысы. Мұнда біз бетонды уақытылы және сапасын жоғалтпай жеткізе аламыз. Бетонды өндірушінің зауытынан таңдаңыз, өйткені тек біз - өнімді кепілдікпен өндіреміз және жеткізіп берудің кешіктіруіңсіз. Бетон - тәулігіне 24 сағат Сіздің қызметіңізге!

Бетон Алматыда, қалай таңдау керек?

Қазіргі уақытта Алматыда 50-ден астам бетон зауыты бар, осы зауыттардың өнімдерін өзінің брендімен сататын одан да көп фирмалар бар. Ұсыныстар тапшылығы нарықта жоқ, ең бастысы - сұйылтылған бетон қоспасын қайта сатумен айналысатын алаяқтарға түсіп қалмау. Бетонның беріктігіне келетін болсақ, онда бұл жерде бетонның қолданылатын жағдайларына сүйену керек. Сондай-ақ, бетонды өндіру кезіндегі оның пропорциясының  сақталуы маңызды рөл атқарады.

Алматыда бетонның құны қалай қалыптасады?

Құны бірнеше факторлардан қалыптасады. Олардың бірі — бұл бетон маркасы (беріктік көрсеткіші), егер Сіз біздің прайсты бағаларымен қарасаңыз, онда бетон маркасы неғұрлым жоғары болса, оның бағасы соғұрлым жоғары екенін байқайсыз. Бұл қоспаның беріктігінің ұлғаюымен, ерітіндідегі цементтің құрамдық пайызының өсуіне байланысты негізделген. Сондай-ақ бетон қоспасының құнын «жеткізіп беру» арттыруы мүмкін, дайын өнімді тасымалдау құны объектінің қашықтығына (зауыттан) байланысты болады.

Сондай-ақ, өнімнің түпкілікті бағасына - бостаулық, сапа және толықтырғыштардың түрлері, әртүрлі қоспалардың түрлері және пластификаторлардың болуы әсер етеді. Егер Сіз бетонды қысқы мезгілде тапсырыс берсеңіз және ерітіндіні қалау төмен температурада, яғни аязда өндірілетін болса, мұндай жағдайда қосымша бағаның өсуі аязға қарсы қоспаларды қосу есебінен болады.

Бетон Алматыда, қызықты факт: Бетон, кез келген табиғи тас сияқты, созуға қарағанда қысуға аса төзімді. Сондықтан, оның беріктік көрсеткіші - сығу кезіндегі шекті мәні деп біледі, сондай-ақ бетон құнына да әсер етеді.

Біз құрылыс алаңына тауарлық бетонды жұмыс күнінің басында жеткізу мүмкіндігіне ие болу үшін, кептелістерге түспеу үшін таңғы 4-тен бастап жұмыс істей бастаймыз.