Бетон «әміршісімен» сұхбат

Жасұлан ДіністановЖасұлан Діністанов.

Trust Partners” ЖШС компаниясының негізін қалаушыларының бірі, компания бетонды өндіру және сату жұмыстарымен айналысады.

ҚазБСҚА-н (Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясы) құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру мамандығы бойынша бітірген. Инженер-технолог, құрылысшы, ТҒК (техника ғылымдарының кандитаты).

Жасұлан, Сізді неліктен бетон өндірісі қызықтырды?

2007 жылы маған Германияда болу мүмкіндігі туды, Ульм қаласында, бетон зауытында. Сонда мені бетон өндірісі кезіндегі автоматтандыру мен дәлдік таң қалдырды.  Қазақстанға қайтқан соң мен Алматыдағы бір зауытта жұмыс істей бастадым. Онда Совет уақытындағы ескі құрал-жабдықтар тұрды, ал өндіріс, жұмсақ айтқанда, жоғары деңгейде болған жоқ. Бірақ, зауытта жұмыс істеген жылдар барысында көптеген ерекшеліктерді білдім. 2010 жылы біз өзіміздің бірінші бетон зауытын іске қостық. Ол үлкен болған жоқ, бірақ онда неміс жабдықтары орнатылды, біз құрал-жабдыққа ақша үнемдегіміз келмеді, себебі нақты тәжірбие кезінде бұл үнемдеу не нәрсеге әкеп соғатының көрдік. Зауытқа ақшаны бүкіл әлеммен бірігіп жинадық десем болады, қарыз алдық, несие, дүние-мүлкімізді саттық.

Алматылық бетон зауыттары сол кезде өте жылдам ашылып жатқан, Сіз одан қорықпадыңыз ба?

Бұл құрылыс бумының уақыты, бетон қоспаларына деген сұраныс күн сайын өсті. Біз, тіпті, бәсекелестер туралы ойлауды немесе тұтынушылардың жетіспеушілігінен алаңдаушылықтарды ойламаппыз. Зауыттың іске қосылуынан бұрын бізде бізбен бірге кез-келген уақытта жұмыс бастаймын деген компаниялардың тізімі болды. Және Алматыдағы бетон зауыттарының көбісі өздерін осы атауға лайық деп атай алмады. Бақытымызға орай, мұндай кәсіпорындар тұтынушылар арасында өзінің танымалдылығын тез жоғалтып, біздің клиенттер қатары толықтанды. Біз қарыздарымызды бір жылдан аз уақытта таратып бердік, шындығында белбеулерімізді қатты, тығыздап байлау керек болды.

Қазір Алматыда бетонды қаншаға сатып алуға болады?

Қазір Алматыда бетонның құны Астанадан гөрі арзан, бірақ басқа өңірлерге қарағанда қымбат. Негізінен баға цемент құнына байланысты, оның құны маусымға немесе доллар бағамының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. Дегенмен, екіншісі біршама түсініксіз, өйткені, бізде, Қазақстанда цемент өндіретін көптеген кәсіпорындар бар емес пе?! Алматыда бетонды сатып алу - біздің, жақында ашылған жаңа зауытымызда жүзеге асырылады. Біз оны 2016 жылдың басында іске қостық, ол зауытта да ELBA неміс жабдығы пайдаланылады. Бетонға арналған прайсты осы жерден жүктей аласыз.

Бетон өндіру технологиясын айтып берсеңіз?

Бетон өндірісіндегі технологияның барлық күрделілігі пропорциялардың дәлме-дәлділігін сақтау болып табылады. Біздің зауыттарда бұл процесс автоматика арқылы бақыланады, ал адам - ол опреатор, бақылаушы рөлінде және тек пультпен дайын ерітіндіні жібереді. Маркалар арасындағы негізгі айырмашылық ол - бетонның құрамына байланысты өзгеретін бетонның беріктігі. Сондай-ақ, бетон қоспасына сол немесе өзге де қасиеттерді бере алатын көптеген қоспалар бар, мысалы, икемділік немесе аязға төзімділік.

Бетонды қалай дұрыс құюға кеңес бересіз?

Әрбір кәсіби құрылысшы бұл сұрақтың жауабын біледі. Ал егер де қысқаша айтып кететін болсам, онда үш негізгі факторларға көңіл аудару керек. Ол - гидрооқшаулауға, нығайтуға және пішіндеуге. Біздің сайтта бетонды қалай құю керектігі туралы мақала бар, онда осы факторлардың маңыздылылығы туралы айтылған.

Алматыда порталдағы №1 зауыттан бетон сатып алыңыз!

Алматыда бетон бағасы