Жылу оқшаулау жұмыстары

3 800,00 ₸
In stock
SKU
Жылу оқшаулау жұмыстары

Жылу оқшаулау жұмыстары сыртқы және ішкі қоршау құрылымдарын орнату немесе қайта салу (жөндеу) мақсатында жүргізіледі. Жылытуға келесі конструктивті элементтер жатады:

  • шатыр,
  • қабырға,
  • еден,
  • жабын,
  • іргетас.

Жылыту көп жағдайда қосымша оқшаулау жұмыстарымен бірге жүргізіледі: буоқшаулау,  суоқшаулау, желден қорғау.

Жылу оқшаулау жұмыстары нәтижесінде жылуды жоғалту, жылыту мен баптауға (кондиционерлеуге) энергетикалық шығындар азаяды. Үй-жайларда тұрақты қолайлы микроклимат қалыптасады, бұл үйдің құрылымын сақтауға да септігін тигізеді (жылы, құрғақ үйде дымқылдық, конденсат, био-бүліну, коррозиялық үрдістер болмайды). Бұдан басқа көптеген жылытқыштардың дыбыс оқшаулағыш қасиеті бар.

Біздің құрылыс компаниямызда өндірушілермен тығыз серіктестік байланыстар орнатылған, бұл клиенттерге мақұлданған оқшаулау материалын өндіруші бағасымен ұсынуға мүмкіндік береді. Кез келген типті органикалық және минералды жылытқыштармен жұмыс істейміз: шаңдату, құю, орамалы және тақталы жылытқыштар. Материалды таңдау қойылған міндетке байланысты жүргізіледі.

Write Your Own Review
Only registered users can write reviews. Please Sign in or create an account
Saf.kz сайтынан материалдарды көшіруге тыйым салынады, мазмұнға деген барлық құқықтар ТОО «Trust Partners» компаниясына тиесілі.